ҚАРАҒАНДЫДА ЕРЕУІЛ ЖАЛҒАСУДА
Қарағандыда жолаушылар автобустары жүргізушілерінің ереуілі жалғасуда деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Қарағандыда бүгін таңертеңнен бері №3 автобус паркінің жүргізушілері мен кондукторлары ереуілге шықты, олар жұмыс шарты бойынша бірқатар талаптарды алға тартты, деп хабарлады агенттіктің тілшісі. Автопарк басшылығының мәліметтері бойынша, жұмысқа 4 жолаушылар бағыты бойынша 50-ге жуық автобус шықпаған.
Бұдан кейін автопарк қызметкерлерімен кәсіпорын басшылығы, Қарағанды әкімдігінің, облыстық прокуратура, еңбек бойынша мемлекеттік инспекция өкілдері кездесті. «Біздің талабымыз - жоспарды төмендету, бензин беру нормасын көтеру, контролерлар салатын заңсыз айыппұлдарды алып тастау», - делінген автопарк жұмысшыларының наразылығының себептері аталды.
Алайда кәсіпорын басшылығы қызметкерлерінің бұл әрекеттерін мәдениетсіздік деп санады.
«Таңертең олар жиналып, дауыс көтере бастады. Мен оларға: машиналарыңды қойып, жолға шығыңдар дедім. Бұл менің сөздерім. Тарифті көтергенмен, қызмет көрсету мәдениеті өзгерген жоқ. Заңбұзышылықтарды біз актіге тіркеп, жазалаймыз. Тәртіп бар!», - деп мәлімдеді №3 автопарктің бас директоры Арутюн Манукян.
Қала билігі акцияға қатысушыларды келіссөзге шықарды. «Бастамашы топ құрыңыздар. Талаптарыңызды ресми түрде қағазға жазып, әкімдікке жолдаңыздар. Бір тәуліктің ішінде қарастырып, жауабын береміз», - деді автопарктің көтерілген жұмысшыларына қарата айтқан сөзінде Қарағанды әкімінің орынбасары Қайрат Бегімов.
Кездесуде болған Қарағанды облысы пркуратурасының басқарма басшысы Ринат Ақпаров ресми мәлімдеме түскеннен кейін бұл мәселенің заңды түрде қаралатынын айтып, сендірді.
«Мұнда қазір өз ұстанамын білдіретін кәсіподақ ұйымы, не бастамашы топ жоқ. Адамдар ә дегеннен шыға салған», - деді Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Бикенов.
Жүргізушілер соңына дейін өз талаптарының орындалуын күтенін мәлімдеді. «Жалғастырамыз. Бүгін жолға шықпаймыз», - деді жүргізушілер ұжымының атынан Данияр Досов.
Абай-ақпарат