Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 7454 0 пікір 2 Сәуір, 2014 сағат 13:39

ТАҒЫ ҚАНША ДҮБАРА БУЫН ТӘРБИЕЛЕУІМІЗ КЕРЕК?!

АЙДОС ЖҰҚАНҰЛЫ:

«Абай жолында» әке мен баланың екеуара әңгімесі бар еді ғой.
Құнанбай айтады: Сен жайдақ су секілдісің, кім көрінген келіп лайлап кетеді. Ит те, құс та шомылады.
Абай айтады: Құдықтың шыңырау түбіндегі ешкімнің қолы жетпейтін суы болғанша, жұрт келіп, шөлін қандыратын жайдақ су болғаным артық.
/ 5-класта оқығандықтан ұмытыңқырап қалыппын, нақты дәл осылай жазылмаса да, диалог шамамен солай еді/.
Тарих ғылымының докторы, профессор "ағаларымыз" шенеуніктерге "Мирзоянның атын өшіріңдер" дей алмады.

Құдық түбінде борсып жатқан қайран ғылым...
"Буын ауысу керек, уақыты келеді" деп қояды өздері.
20 жаста үйленген жігіттің үштегі ұлы бар. ТАҒЫ ҚАНША ДҮБАРА БУЫН ТӘРБИЕЛЕУІМІЗ КЕРЕК?!
"Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден" депті Әлихан Бөкейхан. Өздеріңізде білім болғанымен мінез жоқ. Ал мінезді һәм жігерлі жігіттердің меселін қайтарғыларыңыз келеді. Кейбір либерал жастар радикалға айналса, не бетімізді айтамыз?
"Біз жастарға сенеміз" демеңіздерші. Сіздерге де сенген ғой арыстарымыз.
Қалалық ішкі саясат департаментінің алдында бізді жығып бергілеріңіз келген Сіздер, әкім келсе, "Мырзажанның жатқан жері жайлы болсын" деуден тайынбассыздар. Ал Президенттің алдында мүлдем кекештеніп қаларсыздар.
Гәп мынада ғой жігіттер. Сіз бен біз үшін құрбан болған арыстарымыздың ұрпағы емес, олардың сыртынан арыз жазған сатқындар мен атқан жендеттердің ұрпағы көбейіп кеткен елімізде. Тұқымы құрығырлар.
P.S. Кейбір сайттар мен газеттер "Мирзоянның мәселесін" оқтын-оқтын көтеріп жатыр. Дүркін-дүркін көтерілуі тиіс.
Ұлтшыл жігіттердің дәлелді сөзіне ғалымдардың қарағайдай мүйізін шайқап, шенеуніктердің жымысқы күлкісі байқалған "Ғылым ордасындағы" сол күн есіме түссе болды миыма қан шабады.

facebook.com

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5292