Жастардың 23 пайызы Конституцияны білмейді

Сөз жоқ! Осыдан кейін жастар мәселесі жақсы, шешіліп жатыр деп кім айта алады екен?! 
 "Жастар" зерттеу орталығының (мемлекеттік) мәліметтері:
 1. Жастардың 23%-ы Конституцияны, 69%-ы жастар саясаты туралы заңды, 69%-ы жастар саясаты тұжырымдамасын мүлде оқымаған, білмейді. 
 2. 57%-ы ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңесті, 46%-ы Жастар ісі жөніндегі комитет, 64%-ы облыс әкімі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ештеңе білмейді. 
 3. 37%-ы Қолжетімді баспана 2020 бағдарламасы, 55%-ы жастар тәжірибесі бағдарламасы туралы білмеді. 
 Қорытынды: 
 Яғни, аталмыш ұйымдар жұмыс жасамайды, ал бағдарламалар іске аспайды деген сөз!
 Мемлекеттік саясатты бағалау.
 1. 51%-ы тұрғын үймен қамтамасыз ету, 43%-ы жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша төмен деген баға берген.