Сенбі, 23 Қараша 2024
Масқара! 19448 0 пікір 30 Наурыз, 2014 сағат 08:24

Мектеп Мемлекеттік туды, Елтаңбаны жоюға бұйрық берді

 

«№29 мектептің  2013 жылғы 19 сәуірдегі №124 бұйрығы

«Мекеменің қаржылай құндылығы жоғары Мемлекеттік туын жойып актілеу» туралы

Астана қаласы №29 Мемлекеттік мекеменің Қ.Р-ның туы, елтаңбасын, әнұранын жою бойынша төменде аталған қызметкерлерден комиссия құрамы құрылсын:

Жоғарыда аталған комиссия құрамы бойынша №29 Мемлекеттік мекемесінің Қ.Р –ның туы, елтаңбасы жойылып әріқарай осы бұйрықтың толықтай орындалуын мектеп директоры ретінде өзіме қалдырамын».

Бұл Мұхамбедия Ахметов мырзаның фейсбуктегі парақашасында суретпен көрсетілген жазба. Өзі екі сөйлемнен тұратын, қатеден көз сүрінетін «Бұйрықта» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын, Елтаңбасын, Әнұранын жою керектігі бұйырылған. Бұйрықты  Мектеп директорының өзі бақылайтыны жазылған.

Сонда білдей бір Мемлекеттің туын, Елтаңбасын, Әнұранын жоюды бұйырған Мектеп директорын кім бақылайды? Иә, Мемлекеттік ту мен Елтаңба белгісі ескірсе, орнына жаңасын ауыстыратыны рас. Бірақ ол "жою" деп аталмайды. Ал "Әнұранды" жою деген не масқара? Мектеп директорына мұндай құзіретті кім берген? 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347