Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Қоғам 11690 2 пікір 26 Наурыз, 2014 сағат 13:43

«ОРАЛМАН» БАТЫР

 

2006 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей өңіріндегі Георгиевка ауданын Ер Жәнібек батырдың есімімен атау жөнінде белгілі қазақ зиялылары бастама көтеріп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың назарына хат жазады, Шығыс Қазақстан облысы әкіміне ұсыныс білдіреді. Білетіндердің айтуынша атқамінерлер бұл ұсынысқа теріс қарамаған көрінеді. Дегенмен, айналып келіп бұл аудан Ер Жәнібектің есімімен емес, батырдың басы жатқан Қалба таудың атын алады. Кейін білгендей мұндай шешімнің қабылдануына жалғыз нәрсе себеп болыпты. Сөйтсек, жергілікті халықтың пікірінше, Ер Жәнібек «оралман» батыр көрінеді. «Шетелдік батырға»  бір ауданның атын беруге болмайтын болып шығыпты.

Ал,  Ер Жәнібек қалай «оралман» атанды, бұл «мәртебені» қашан алды? Соған назар аударып көрелік.

Жәнібек Бердәулетұлы(1714-1792) Абылай хан дәуіріндегі әйгілі батыр. Оның ел қорғаудағы ерен ерліктеріне қарай есімінің алды­на «Ер» деген атау қосылып, «Ер Жәнібек» атанған.

Құрбанғали Халидтың (1843-1913) «Тауарих Хамса» аталатын еңбегінде: «Абылай заманында батыр, сардар болғандар: Қаракерей Қабанбай, Алтыбай батыр, Ақтамберді батыр, Еспенбет батыр, Ма­тай Шөңкей батыр, Керей Жәнібек батыр, Бура Ақпантай батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр, Басентин Малайсары батыр» (105-бет) деген жолдар бар. 

Абылай хан бастаған қазақ батырлары жоңғар елін тып-типыл жойғаннан кейін 1760 жылы Жәнібек батыр абақ керей руын Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырады.

Батырдың сүйегі қазіргі Семей өңірі Жарма ауданына қарасты Қалба тауға жерленген.

Сөйтіп, жоңғарды «жойып», Қытайды «қырып» қазақтың ежелгі қонысын тартып алған Ер Жәнібек бүгінгі тәуеліз Қазақ елінде «оралман» атанып отыр.

Осы «қисынға» салсақ, қазақтың біраз ғұламасы «оралман» болып шығуы әбден мүмкін. Отырарда туып, Бағдатта «екінші ұстаз» атанға әль-Фараби, араб жұртын уысында ұстаған Сұлтан Бейбарыс, сүйгеі Ташкентте жатқан Төле би мен Әйтеке, Ресейде жерленген Әлихан Бөкейханов, Берлинде көз жұмған Мұстафа Шоқай...

PS. Биыл Ер Жәнібек Бердәулетұлының туғанына - 300 жыл. «Ер Жәнібек» қорының ұйтқы болуымен батыр есімі мен ерліктері жыл бойы қазақ мекендеген барлық өңірде кеңінен насихатталмақ.  Берлинде өтетін Еуропа қазақтарының құрылтайы да «Ер Жәнібектің» 300 жылдығына арналатыны – соның айғағы.

Хазірет Әбділда

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1526
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3306
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5933