Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4253 0 пікір 29 Сәуір, 2010 сағат 07:00

Қырғызстанда болған оқиғалар өңір елдерінің интеграциясы туралы Қазақстан бастамаларының өзектілігін дәлелдейді - Назарбаев

Алматы. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстанда болған оқиғалар өңір елдерінің интеграциясы туралы Қазақстан көтерген бастамалардың өзектілігін дәлелдейді. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда өтіп жатқан IX Еуразиялық Медиафорумның ашылуында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қырғызстанда болған оқиғалар бірлескен қауіпсіздік және бірлескен даму үшін өңір елдерінің экономикалық интеграциясының маңыздылығы туралы Қазақстан көтерген бастамалардың өзектілігін тағы бір мәрте дәлелдейді ", - деді Н. Назарбаев.

Ол Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаушы ел ретінде "Қырғызстанның тез арада дағдарыстан шығуы үшін белсенді атсалысып жатқанын" атап өтті. "Біз бұдан былай да Қырғызстанға қажетті қайырымдылық және экономикалық көмек көрсете беретін боламыз", - деді Н. Назарбаев.

Ол Қырғызстан халқы мен ондағы барлық саяси күштерді бейбітшілікті тез арада қамтамасыз етуге, тұрақтылықты жандандыруға, елде тәртіп пен заңдылықты тез арада орнатуға шақырды. "Онысыз инвестициялар да, даму да мүмкін болмайды", - деді мемлекет басшысы.

http://www.kt.kz/index.php?lang=kaz&uin=1133435962&chapter=1153515798

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 927
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2408
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 636
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 619