Сенбі, 23 Қараша 2024
Сүйінші! 5622 0 пікір 17 Қыркүйек, 2014 сағат 11:01

ТІРКЕЛМЕГЕН РЕСЕЙ ТЕЛЕАРНАЛАРЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

 

Жұрт ширек ғасыр күткен сөзді ҚР Бас прокуратурасы жақында ғана айтты. Алдағы уақытта заңды түрде тіркелмеген Ресей телеарналарына Қазақстан аумағында хабар таратуға тыйым салынады.

«kaz.gazeta.kz» сайтының хабарлауынша бұл туралы Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко айтқан. "Бізді қазір алаңдатып отырғаны, республикада жұмыс істеп отырған каналдардың жартысы дерлік ресейлік, олар өкілетті мемлекеттік органда есепке алынбай отыр.Олар сонда барып, есепке тұруға тиіс", - дейді ол.  "Ал өкілетті органға келіп тіркеуден өтпеген каналдарға Қазақстан аумағында хабар таратуға тыйым салу керек". 

Мемлекеттің тәуелсіздігіне тікелей қатысты «ақпараттық қауіпсіздік» мәселесін Қазақ баспасөзі айтуындай айтып, жазуындай жазып келеді. Сол "жанайқай" құзырлы орындардың құлағына енді ғана жетіпті. Оған да шүкірлік. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404