Қытай баспасөзі: Назарбаев Путинға жауап берді
Қытайдың оқырманы көп ifeng.com сайты кеше, 1 қыркүйекте «Путинның сөзіне Қазақстан президенті жауап берді» деп көлемді мақала жариялады. Бұл мақаланы қытайдың ақпараттық сайттары бір-бірінен жарыса көшіріп басқан.
Онда 29 тамыздағы РФ Президенті Путинның «Қазақтарда ешқашан мемлекет болмаған» деген сөзіне ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев 31 тамызда телеарналардың біріне берген сұхбатында былай жауап берді делінген:
«Біз әсте егемендігімізге қауіп төндіретін ешқандай ұйымға кірмейміз. Егер тәуелсіздігімізге тигізер Нұқсаны болса Еуразиялық экономикалық одақтан да шығатын боламыз».
Осы басылым сондай-ақ, «Москва жаңғырығы» атты телеарна былай деп хабарлады дейді: «Қазақстандықтар: Путинның Қазақстанға көзқарасы Украинаға ұстанып отырған позициясына ұқсап кетеді. Қазақ елінің 1500 жылдық тарихы бар. Путинге жауап ретінде бір «тарих кітабын» сыйлау керек.» Сонымен қатар аталған басылым ЕАЭО-ның құрылуына байланысты жаза келіп, шартқа қол қойылған дата мен Қазақстан тәуелсіздігінің айшықты даталарын қоса басқан.
Abai.kz