Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 10417 0 пікір 1 Қыркүйек, 2014 сағат 19:32

Бүгін ҚР ҰҚК Академиясының құрылғанына 20 жыл толды

Бүгін ҚР ҰҚК Академиясының құрылғанына 20 жыл толуды. Осыған орай Алматыда салтанатты іс-шара өткізілді, бұл туралы BNews.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

 

Салтанатты іс-шараны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Нұртай Әбіқаев құттықтау сөзімен ашқан. Аталған шараға ТМД мемлекеттері арнайы оқу орындарының басшылары, Алматы қаласының әкімі А.С.Есімов, Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ұлы Отан соғысының және ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері, сондай-ақ Академия бітірушілері қатысты.

Жоғарғы оқу орны 1994 жылы Қазақстан Республикасы ҰҚК Жоғарғы курстарының базасында құрылған.  Бүгінгі күні Академия бакалавриаттан докторантураға дейін, қосымша кәсіби білім беру институттарын қамтитын көп деңгейлі білім беру жүйесі болып табылады.
 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1111
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2646
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 768
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 736