Украинада 900-ге жуық мектеп 1 қыркүйекте оқу жылын бастамай алмады
BNews.kz Луганск және Донецк облыстарының 900-ге жуық мектебі мен 100-ден астам жоғары оқу орны 1 қыркүйекте оқу жылын бастамайтын болды. Олардың барлығы жабық. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрінің орынбасары Павел Полянский мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Министр орынбасарының айтуынша, Донбастағы лаңкестікке қарсы операция аумағында кейбір мектеп пен ЖОО-да оқу жылы бір айға кеш басталады.
Сондай-ақ, оның мәліметі бойынша, Луганск облысының 205 мектебі мен Донецк облысының 547 мектебінде оқу басталды.
Абай-ақпарат