КҮДІКТІ «ЕРЛІГІ ҮШІН» МАРАПАТТАЛДЫ
Күдікті «Ерлігі үшін» марапатталды
Украина Президенті Петр Порошенко Ресейдің мемлекеттік арналарының бірінде қызмет істеген журналистердің өліміне қатысы бар деп айыпталған ұшқыш – Надежда Савченконы ІІІ дәрежелі «Ерлігі үшін» орденімен марапаттады. Савченко қазір РФ-ның Воронеж қаласындағы уақытша тергеу изоляторында қамауда.
Осыдан аз уақыт бұрын Украинаның Жоғары Радасы Савченконы Батыр атағына ұсынған болатын. Алайда, ұшқыш қыздың «Ерлігі үшін» ордені Батыр даңқынан кем түспейтін секілді. Өйткені ол Президент тарапынан «Мемлекеттің тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын қорғау барысындағы жеке ерлігі мен қаһармандығы үшін және әскери антына адалдығы әм өз қызметін жоғары кәсіби дәрежеде атқарғаны үшін» Ерлік орденін егеленген көрінеді.
Надежда Савченко 9 шілде күні Ресейге босқын кейіпіне еніп өтіп бара жатқан кезінде тұтқындалған. Оған орыс журналистері Игорь Корнелюк пен Антон Волошинді Луганск қаласында өлтірді деген айып тағылуда. Ресейдің тергеу орындары мұнымен қоса Савченкоға астыртын хабар таратушы ролін ойнады деген күдік таңып отыр.
Abai.kz