Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 5863 0 пікір 22 Тамыз, 2014 сағат 11:31

ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУДІҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫ

Жекешелендірудің екінші толқыны мемлекеттің ел экономикасына қатысуын қысқартып, жаңа салаларда жеке бизнестің дамуына серпін береді. Бұл туралы бүгін 2014-2016 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асырудың күрделі мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов мәлімдеді.

 «Жекешелендірудің екінші толқыны мемлекеттің ел экономикасына қатысуын қысқартып, жаңа салаларда жеке бизнестің дамуына серпін береді. Кәсіпкерліктің жаңа акционерлері, біріншіден, дайын кәсіпкерлікке қол жеткізсе, екіншіден, оны дамыту бастамаларын іске асыру мүмкіндігіне ие болады. Үшіншіден, өзінің салаларында үлкен тәжірибеге ие үздік дайын мамандармен жұмыс істейді», - дейді.

М.Құсайыновтың айтуынша, жекешелендіру кәсіпкерліктің дамуына оң әсер етпек.

«Жекешелендірудің кәсіпкерлікті дамытуға айтарлықтай әсер етеніні анық. Жеке сектордың алдынан көптеген нысандар мен кәсіпкерлік бағыттары ашылады. Олар бүгінге дейін мемлекеттің араласуымен қолжетімсіз болып келген», - дейді.

Оның айтуынша, жеке инвесторлардың келуі кәсіпкерлік қызметтерін жаңғыртып, соңғы тұтынушыға сапалы өнім жеткізуде бәсекелесіткті арттыратын болады.

Индира Қауметова

http://strategy2050.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048