Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4812 0 пікір 7 Тамыз, 2014 сағат 11:59

Ресейде мемлекет саясатын сынаған шенді қызметтен кетті

Ресейдің экономикалық даму министрінің орынбасары Сергей Беляков мемлекеттік зейнетақы саясатын сынағаны үшін қызметінен босатылды. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.

Беляков 6 тамыз күні Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында үкіметтің зейнетақы қорынан қаржы алу шешімі үшін кешірім сұраған. Ол үкіметтің бұл саясаты үшін өкінетінін “жеке пікірім” деп атаған. Жұмыс күні аяқталар уақытта ол қызметінен босатылды.

Ресей үкіметінің сайтында жарияланған Беляковтың қызметінен босатылғаны туралы хабарламада “шенеуніктерге өз жұмысына қатысы болмаса көпшілік алдында мәлімдеме жасап, баға беруге тыйым салынатыны” айтылыпты. Сергей Беляков 2012 жылдың тамызынан министрдің орынбасары болған еді.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1035
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2584
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 726
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 686