ЕЭАО НЕНІ КӨЗДЕЙДІ
Қазақстандық және ресейлік ақпарат беттері экономикалық одақтың өз валютасы болатыны туралы жарыса жазуда. Келесі жылдың бірінші қаңтарынан бастап жұмыс істейтін ЕАЭО-ның алдағы 5-10 жылда өз валютасы болмақ. Яғни онсызда құны жоқ теңгенің жаназасы жақында шығып қалады деген сөз. Осыған дейін ортақ валюа туралы әңгімені көлденең жұрт айтып келсе бұл жолы РФ-ның білдей вице-премьері Игорь Шувалов айты. Ол Совет одағының тарауын жай ғана экономикалық кеңістіктің ыдрауы деп түсінеді екен. Астана арнасы жаңалықтарына қараңыз, Еуразиялық одаққа қол қойылар алдында бұл сұрақтан барынша айналып өтіп, бұл мәселе талқыланбайды деп жүрген Шувалов енді елдің құлағына суық сөз салып жатыр.
Валюта – мемлекет тәуелсіздігінің кепілі, ұлттық рәміз сіпетті. Одақ жұмысы басталмастан көптеген «ортақтар» туралы әңгімелер қылаң беріп жатыр. Ешқандай «саяси сыпаты жоқ» одақ құжатына қол қойылардан бұрын, Мәсімовтың бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ортақ валюта болмайды деп кесіп айтқан болатын. Енді оны әріптесі «өтірікші» қылып отыр.
Жап-жаңа одақтың 1 қаңтарға дейін біз білмейтін әлі қанша сыры ашылатынын кім білсін, ең бастысы билік халықты алдамауы және талап-тілегін тыңдауы керек. Осы ретте Бақытжан Әбдірұлынан өз «өтірігінің» сырын түсіндіруді сұраймыз. Одақпен бірге озық ел боламыз деп орға түсіп жүрмейміз бе? Экономикалық кеңістікте Қазақстанның табатын пайдасын емес, беретін бодауы қаншалық болатынын білгіміз келеді.
Нұрғали Нұртай
Abai.kz