Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 11546 0 пікір 10 Шілде, 2014 сағат 12:28

МЕНІҢ АНАМ... МЕНІҢ ӘКЕМ...

Болат Мүрсәлім, әдебиеттанушы:

1. – 90-жылдардың ортасында ауылдағы әлеуметтік жағдай күрт төмендеп, халық жұмыссыз сансырап қалғанда, ең үлкен ауыртпалық аналарға түскен сияқты. Менің шешем де сол ауыртпалықты ауылдағы барша аналармен бірге көтеріп шыққандай көрінеді. Жасыратын несі бар, үйде қант-кәмпит үнемі бола бермейтін. Үйде бес баламыз, қайсы бірімізге сәнді киім жетісіп жатты дейсіз? Соның бәрін шешеміз жүрегінен өткерді ғой. Жаны қиналған кездеріндегі ауыртпалықтарды бірақ ешқашан сыртқа шығарып айта бермейтін. Қазір де көп дүниені сөз етпейді. Көбіне қас-қабағынан білінеді көңіл-күйі. Шешеміз ақылды, жылтыраққа құмар емес, бауырмал, мейірімі төгіліп тұрады. Сөйлегенде, әр сөзді байыппен сөйлейді. Бір жағынан мектеп мұғаліміне тән мінезден бе екен? Үлкен адамдардың бетіне келіп, ренжітпейді ешкімді. Кішіні кіші екен деп және міндетсінбейді. Қақ-соқпен, айғай-шумен ісі жоқ. 

2. – Шешеме анда-санда сыйлық жасап тұрам. Егер, нақтырақ айтар болсам, шешемді қуантып тұрғым келеді. Ол кісінің бір қуанғаны біз үшін бақыт емес пе? Жаңа айттым, ауылдың аналарымен бірге көп қиыншылықтарды көрді. Енді сол бейнетінің зейнетін көріп жатса, содан артық көп нәрсе өздері де тілемейтін сияқты. 

3. – Есімде, 11 сынып оқып жүрген кезіміз. Жаспыз. Өзімізше, ауылдың әскерден келген жігіттерімен иық тірестіріп жүруді абырой көретін кезіміз. Кешқұрым көшеге шығамыз. Ауылдың көшесінде оңған не бар еді ол кезде? Дөңгелене отыра қалып, ащы судан ұрттайды бәрі. Бір күні шешем соларға қосылып кеткеніме қатты ренжіді. Түске қарай сабақтан қайтып келсем, төсекте оранып жатыр екен. Алғашында қатты ауырып қалған екен деп қалдым. Сөйтсем, маған сөйлемейді. Жылаған сияқты. Сәл уақыттан кейін ғана: «Мен сенен үміт күтіп жүрсем. Осы жүрісің не жүріс?» деп өкпесін айтты. Шынын айту керек, өзімді іштей қатты жазғырдым. Әлі күнге дейін шешемнің сол кезде ренжіген кезі есімнен кетпейді. Кейін де байқамай өкпелетіп алған кездерім болды. Қазір де болып тұрады. Сол кезде барынша жуып-шаюға тырысам. Негізі «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, парызыңнан құтылмайсың» дейді ғой. Жас ұлғайған сайын, сол сөзге тіпті көбірек бейіл болдық. 

1.– Әкем көзі ашық, көкірегі ояу, энциклопедиялық білімді жан. Бала күнімізден бізді оқуға тәрбиеледі. Екінші сыныпта жүргенде «кім болам?» деген поэманы оқытатын. Содан соң, жаппай осы тақырыпқа шығарма жаздыртатын. Мен сол шығармада «Өскенде Қаныш Сәтбаев сияқты академик» болам деп жазғанмын. Сыныптастарымның барлығы шопыр, мұғалім, дәрігер, шопан болам деп жазғаны есімде. «Академик болам» дегенді данышпандығымнан жазған жоқпын, сол әкемнің кішкентай кезімнен «академик боласың» деп үйреткенінен. Әкем бір жағынан «демократ» адам. Бала күнімізден бізбен әр тақырыпта дауласып отыратын. Онысы адамның ойлау қабілетін жетілдіргісі келгенінен шығар?! Қазіргі күнге шейін ол кісімен «пікірталас» аяқталған жоқ. 

2. – Әкеміз бізді бала кезімізден «оқу оқы, ел көр, жер көр, дүниежүзін арала» деп өсірді, әлі де солай бағыттап отырады. Бізді қазақ халқына тән емес, сирек дүниелерге ұмтылса деп армандады, бірақ ол арманы орындала қоймады. Енді сол немерелерінің үлкен теннис ойыншысы, шаңғышы болғанын қалайды. Қазақ халқының дәстүрлі кәсіптерді ғана емес, шетелдердің игерген мамандықтарын меңгеруін жақсы көреді. 

3. – Қандай болмысын үлгі тұтасыз? Әкемнің айтқанынан қайтпайтын мінезі бар. Тек қана өзінікін жөн санайды. Әрине, бір жағынан ол қыңырлыққа да ұрындыруы мүмкін. Бірақ, бірбеткейлік те керек сияқты. Кейде осылай айтқанымнан қайтпай жатқан кезде, әкемнің мінезі екені есіме түсіп кетсе, рахаттанып күліп те аламын.

"Әдебиет" порталы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394