Жексенбі, 10 Қараша 2024
46 - сөз 7614 0 пікір 2 Шілде, 2014 сағат 15:07

"АУЫЗАШАР" ДЕП АТАМАҒАНЫНА ШҮКІР...

Кешелі бері жұрт шулап жатқан Роза Рымбаеваның "Бешбармағын" көріп шықтым. Қасиетті Оразада пайда болған бұл клипті "Ауызашар" деп атамағандарына шүкір деп отырмын. Әншілеріміздің талғампаздығының жоқтығына көзіміз үйренді ғой. Бірақ, Розадан бұны күткен жоқ едік. Біз нені болса да "ұлы" көршімізден көшіріп ала салуды әдетке айналдырдық. Эстрада да солай. Пугачева Галкинмен "қойынын жылытты" деп жас күйеу іздей бастадық. Ол болмаса, бұрынғы күйеуімізбен әңгімемізді жарастырып, әлемге жар салып, жарнама жасадық. Санын жарқыратып "ВИАГРАсы" шығып еді, үш қыздан тұратын ыңырсыған топтар көбейді. Айналайындар-ау, Ресейдің өз менталитеті, біздің қазақтың өз менталитеті бар емес пе? Мәскеудің сахналарынан түспей жүрсеңдер бір сәрі. Сендердің көрермендерің мен тыңдармандарың қазақтар емес пе? Қазақ болмаса, кімге керексіңдер? Біздегі өзге ұлт өкілдерінің өздері қазір қазақша ән айтуға көшті. Өйткені оларға аудитория керек! Рымбаеванікі де сол-еліктеушілік! Бұл клипті кім түсіргенін білмеймін. Бірақ, мәскеулік режиссер немесе продюсердің қолтаңбасы айқын аңғарылып тұр. Ал, мұндай шулы клиптен болатын жарнаманың қазақтың бұлбұл қызына әсте қажеті жоқ еді...

(Арман Сқабылдың фейсбуктегі парақшасынан)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1158
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2637
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 2669