Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 7839 0 пікір 30 Маусым, 2014 сағат 17:26

АБАЙТАНУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАБЫЛДЫ

Қазақстан-Ресей университетінің жабылуына байланысты осы оқу орнына қарап отырған «Абайтану» орталығы да өз жұмысын тоқтатты. Ашылғанына үш жыл болған орталық Қазақстан-Ресей университетінен екі бөлмелі экспозициялық зал алып, 3 мыңнан аса тарихи жәдігерлер мен 14 деректі фильм жинақтап тәп-тәуір қызмет жасап келе жатқан. Орталық сондай-ақ, осы күнге дейін Елордадағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздарының біліктілігін арттыру мақсатында 32 ұстазды арнайы Абайтану курсынан өткізіп, үшінші жыл тұрақты дәстүрге айналдырған «Ұлылар мекеніне саяхат» бастамасы бойынша Астанадағы жас абайтанушылар, өнерлі жастар, Абай шығармашылығының жүлдегерлері, БАҚ өкілдері мен қаламгерлерден құралған 133 адамды Семей жеріне апарып, Абайтануға саяхат жасап, «Абайтану» курсын жылжымалы негізде өткізіп, арнайы куәлік берілген еді. Енді міне, сол орталық өз жұмысын тоқтатты.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963