Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Масқара! 8071 0 пікір 30 Маусым, 2014 сағат 13:21

"Аңыз адам" ардегерлерге 13 миллион теңге төлейді

Бүгін Гитлер жайлы материал басып, даулы болған «Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам» журналы бойынша сот үкімі шықты. Шешім бойынша, журнал редакторы Жарылқап Қалыбай арызданған 13 «ардагердің» әрқайсысына бір миллион теңгеден төлем төлеуге және соғыс ардагерлерінен жария түрде кешірім сұрауға міндеттелді.

Біздің білетініміз, журнал атауы «Абыз адам» емес, «Аңыз адам». Аталмыш нөмірдің мұқабасына «Адамзат ардагері» деп емес, «Адамзат қасіреті» деп жазылған. Журналда бастан-аяқ Гитлердің зұлымдығы әшкереленіп, тек баспасөз қағидасы бойынша Нағашыбай Есмырза есімді автордың «Гитлер – фашист емес» деген жеке пікірі жарияланған. Сотқа куәгер ретінде тартылған Мұхтар Шахановтың айтқанындай, журналдың «өлі Гитлер»  емес «көзі тірі» өзі туралы нөміріндеде әртүрлі жұрт пікіріне орын берілген. Бұл - тәуелсіз журналистиканың заңы.

Алдыңғы жолы Соты отырысына қатысқанда жігеріміз құм болып қайтып еді. Қалың қазақ жиылып, өлі Гитлердің аруағымен соттасып жатты. Баланың ойыны, бақсының жыны дерсің. Баяғыда сүйегі қурап қалған Гитлердің қылмысы үшін танымал журналист Жарылқап Қалыбайды сотқа тарту – еш қисынға симайды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963