Жұма, 22 Қараша 2024
Қорған 5531 0 пікір 26 Маусым, 2014 сағат 16:28

ДОСАЙ КЕНЖЕТАЙ. ДІН – ҚҰДАЙЛЫҚ ИНИСТИТУТ

Маусымның 24-і күні Астанада дінтану сараптамасы мәселелерін талқылаған отырыс болды. Айтылған ойлардың озығы да тозығы да кездесті. Бүгінгі дінтану мен кешегі дінтану арасында жер мен көктей айырмашылық пен талап, міндеттер болғанымен, бұрыннан жатталып келе жатқан теориялар социологтар аузынан сол қалпы беріліп жатты. Бізде социологтар дін құбылысының ерекшеліктері мен мәніне жете үңілмейтін сияқты көрінді. Дінді социологияның шаблондарымен жіліктеп, талдау қиянат болады. Себебі діннің өз социологиясы бар. Қоғамның кез келген саласына жалпы социологиялық талдауларды зорлап тыға беруге болмайды. Қоғамдағы танымдардың өзіне тән социологиясы немесе қоғамдық қабаттары болады. Сол сияқты діннің де қоғамдағы ролі мен орны, оның әлеуметтену табиғаты бар. Оның негізі діни танымда жатыр.

Сосын зайырлылық ұстаным ретінде исламның мәнінде бар шындық. Исламның табиғи, ақли , ақиқат дін екендігіне осы тұста да көз жеткізуге болады. Құранда мемлекетті басқару, саяси детерминизм жоқ. Суннада да мемлекетті киелі әулет династиясы басқарады деген има не ишарат та жоқ. Болса, Пайғамбарымыз қайтыс болған соң Хз. Әли тақ мұрагері болып шыға келер еді.
Дін – дүния мен ақырет арасын социопсихикалық, онтологиялық негіз болып табылатын иман арқылы реттеп, адамды ақыл шеңберінде тұлғалылық дәрежесіне, жауапкершілік сезімін беретін құдайлық институт. Сондықтан дін құбылысының тек қоғамдағы көріністері емес, оның адам еркі, жауапкершілігі, ары, намысы, ділі, моральдық негізі, діндарлығы мен амалы, дұғасы мен құлшылығын бірге сараптау қажет. Себебі бұлар қоғамдағы адамды Алламен байланыстырып жатқан қабаттар. Осы қабаттар мен қоғамдағы адамды оқшауламай, үркітпей, біртұтас тұлға деп бағалауды дінтану сараптамасы негізге алса ғана пайдалы нәтижелі болады. Сонда діни әдебиеттер жеке бір мәтін, одан діндар адам ол да жеке бір мәтін болса, осы екі мәтін қоғамдағы діни ахуал мен діни институттардың бағыты мен сипатын анықтайды.
Жалпы дінтану шығу тегі бойынша адамды сакральдылықтан оқшаулауды негіз ретінде алады. Бүгінгі дінтану сараптамасы методологиялық платформасына діннің реалды құбылыс екендігін ескеріп қана дұрыс болжам жасай алады.
Сондықтан менің ұсынысым, ғылыми теориялық платформа ретінде діни сенім мен діни сана арасын бірге, діни таным мен діни тәжірибе арасын тарихилық негізде бірге қарастырып, біртұтас комментарий жасауға болады. Бұл ұстаным әрі мемлекеттің де, жеке діндардың да кез келген аренада құқықтық абыройын сақтауға негіз болады деп есептеймін.

 

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321