"АҢЫЗ АДАМНЫҢ" КЕЗЕКТІ СОТЫНА КЕЛІҢІЗДЕР
“АҢЫЗ АДАМ” журналының кезекті сот отырысына Мұхтар ШАХАНОВ қатысады.
Естеріңізге сала кетейік:
Ұлы отан соғысының он үш ардагері «Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ» журналынан 50 миллион теңге талап етіп сотқа берген болатын. Он үш ардагер де, олардың өкілі де АҢЫЗ АДАМ журналының №8 санын оқып көрмеген.
Сот отырысы 26 маусым бейсенбі күні сағат 17.00-де Алмалы аудандық №2 сотында өтеді. Мекенжайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 267 үй, (Тлендиев көшесінің қиылысы, «Каспий» мейрамханасы мен «Мың бір түн» кафесінің артында).
Әріптестер, бізді қолдап келеді деп сенеміз!
Абай-ақпарат