Ең алғашқы оқырмандарын аталмыш кітапхана 1963 жылдың қарашасында қабылдаған. 20 жыл бұрын, Украина тәуелсіз ел атанғанда кітапхана қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың есімін сақтап қалыпты.
«Қиын-қыстау 90-шы жылдарда ақынның өлеңдерін сүйіп оқитын киевтіктер кітапхананың атауын сақтап қалуға көндірді», - деп еске алады кітапхана директоры Татьяна Маркевич.
Оның айтуынша, бүгінде кітапханада 34 мыңға жуық кітап бар. Оның 100-ден астамы Жамбыл Жабаевтың шығармасы. Сондай-ақ кітапханада Оралхан Бөкей, Мұхтар Әуезов және Абайдың туындылары сақталған. Бұған қоса, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары да баршылық көрінеді.
Абай-ақпарат