Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3807 0 пікір 19 Маусым, 2014 сағат 10:11

ЛЮКСЕМБУРГ БІРЖЫНЫСТЫ НЕКЕНІ ЗАҢДАСТЫРДЫ

 

"Люксембургте біржынысты некеге рұқсат беретін заң мақұлданды" деп хабарлайды Tengrinews.kz  BBC-ге сілтеме жасап.

Люксембург Палатасының депутаттары бір жыныстылардың некеге тұруына және бала асырап алуына рұқсат беретін заңға енгізілген өзгертулерді мақұлдады. Мұндай заңды 56 депутат қолдаса, төрт депутат қарсы шыққан. Заңға енгізілген өзгерту 2015 жылдан күшіне енеді. 2014 жылға дейін люксембургтік біржыныстылар тек қана азаматтық серіктестік келісім-шарт негізінде отбасы құра алатын болған. 

Басылымның мәліметіне қарағанда, Люксембургтің премьер-министрі Ксавье Беттель ашық гей және ол бельгиялық сәулетші Дестенеем Готьемен азаматтық серіктестік келісім-шарт негізінде бірге тұрады. Біржыныстық қатынастарды заңдастыру оның сайлауалды уәделерінің бірі болған.

Люксембург біржынысты некеге рұқсат берген 16-шы ел болып отыр. Бұл тізімде Нидерланд, Бельгия, Испания, Канада, ОАР, Норвегия, Швеция, Португалия, Исландия, Аргентина, Дания, Бразилия, Франция, Уругвай және Жаңа Зеландия бар. Аумақтық деңгейде біржынысты неке АҚШ, Мексика және Ұлыбритания елдерінде заңдастырылған.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391