Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5698 0 пікір 13 Маусым, 2014 сағат 09:29

ҚАЗАҚСТАН - РЕСЕЙ БОДАНЫНА АЙНАЛҒАН БА?...


Қазақстан қалай "Еуразия экономикалық одағына" мүше болды, солай біздегі мемлекеттік БАҚ атаулы Ресейді жабыла насихаттай бастауды жаман әдетке айналдырып алғанына қайран қаламын. Ол Ресейді әспеттеп, қазақ ұлтын қорлауды қояр емес.
Бүгін, яғни, 13.06.2014 ж. "Қазақстан" телеарнасының "Таңшолпан" бағдарламасы: "Бүгін Ресей жеңілөнеркәсіп қызметкерлерінің күні" деген хабарды тәңертеңгі сағат 7.00- 9. 30-ға дейін үздіксіз жүгіртпе жол арқылы насихаттай бастады. Бұл Қазақ ұлтын, Қазақ мемлекетін қорлау емей немене?

Қазақстан үшін Ресейдің қайдағы бір жеңілөнеркәсіп қызметкерлерінің күнінің соншалықты маңызды болғаны ма?
Бұл әлде Путинге жағыну ма? Немесе Мәскеуден сондай бұйрық түсті ме? Болмаса, қазақстандық биліктің нұсқауы сондай ма? Көршіміздің алдында құрдай жорғалайтындай, біздің  басымызға соншалықты не күн туды екен?..

 

Жұмаш Кенебай

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385