ЕРЕУІЛДІ ЗАҢСЫЗ ДЕП ТАНУ ЖЕДЕЛДЕТІЛДІ
Бұдан былай Қазақстанда ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істер жеделдетілетін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың сөзіне сілтеме жасап. Бұл туралы вице-министр Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында мәлім еткен.
"Азаматтық іс жүргізу кодексіне әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге бағытталған ережелер енгізу көзделеді. Атап айтқанда, әлеуметтік-еңбек жанжалдарын реттеу тиімділігін арттыру, құқықбұзушылықтың қоғамдық-қауіпті салдарын азайту мақсатында ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істерді соттардың қарау мерзімін 30 күннен 10 күнге қысқарту нормалары ұсынылған" – деген өз сөзінде С.Жақыпова.
Сондай-ақ, Жақыпованың сөзінше Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР Заңына әлеуметтік шиеленістің және еңбек жанжалдарының алдын алу мақсатында - жергілікті атқарушы органдарға әлеуметтік шиеленістің мониторингін жүзеге асыру және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдерін болжау бойынша функцияларды бекітіп беретін нормалар ұсынылмақ.
Айта кететін болсақ елімізде ірі еңбек дауы 2011 жылы желтоқсанда болды. Жеті ай бойы еңбек ақы мен жұмысқа алудағы теңсіздікті айтып, наразылық ереуіл өткізген жаңаөзендіктердің талап арызына билік құлақ аспады. Билік тарапы мәселені шешудің орнына бейбіт халыққа 16 желтоқсанда оқ атып, аяусыз жазалады. Салдарынан 16 адам қаза тапқан болатын.
Абай-ақпарат