Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Жаңалықтар 5398 0 пікір 30 Мамыр, 2014 сағат 11:15

ЕКІ АЗАМАТТЫҒЫ БАР ӘЙЕЛ ІСТІ БОЛДЫ

Қарағанды облысы Балқаш қаласының тұрғынына екі азаматтығы болғаны үшін 92600 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Азаматша Хасанова ҚР-дың «Азаматтық туралы» Заңын бұзғаны үшін айыпты деп танылды. Балқаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының үкімімен оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Ол 92 600 теңгені құрады. Облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істері бойынша апелляциялық сот алқасы үкімді күшінде қалдырды», - делінген баспасөз хабарламада. Алайда оның екінші азаматтығы қай  мемлекетке тиесілі екені айтылмаған.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 670
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2641
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1695