Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5044 0 пікір 30 Мамыр, 2014 сағат 10:49

ӘЛЕМ ТҮРКІЛЕРІНІҢ III ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Түркияның Едірне қаласында Әлем түркілерінің III форумы өз жұмысын бастады. Бұл туралы Түркі академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап BAQ.KZ хабарлады.  

Жиынның салтанатты ашылу рәсімі Едірне қаласы II. Байазит Куллиеси Сағлык музейінде болды. Кеше Екмекчизаде Ахмет Паша Кервансарайында секция жұмыстары өтті. Алқалы жиында Түркі елдерінің мәдениеті мен туризмі, түрік және армян диаспоралары, қоғамдық дипломатияның мүмкіндіктері мен тәуекелділіктері талқыға түсті. Түрік Азия стратегиялық зерттеу орталығының (TASAM) ұйымдастыруымен жиын биыл үшінші мәрте өтуде. Түркі әлемі мен түркі диаспораларына арналған форумға 60-қа жуық елден ғалымдар, мемлекет қайраткерлері, дипломаттар, журналистер, азаматтық ұйым және зиялы қауым өкілдері қатысуда. 
Биылғы жиынның бір ерекшелігі - Түркі әлеміне байланысты тұңғыш рет 11 номинация бойынша «Қызыл Алма» сыйлығы беріледі. Ол түркі әлемінің кәсіпкерлік, өнер, мәдениет, технология, дипломатия, ғылым т.б салаларында үздіктерге арналған марапат. Мұндай сыйлық тағайындау мәселесі былтыр сәуірде Ыстамбұл қаласында өткен Әлем түркілерінің II форумында көтеріліп, шешімін тапқан еді. Форум аясында Әлем түркілері форумы Ақсақалдар кеңесінің екінші мәжілісі осы қалада өтетін болады. Бұл кеңеске еліміздің атынан ЮНЕСКО-ның Қазақстандағы өкілі ақын Олжас Сүлейменов мүше. 

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320