ҚР МҰСЫЛМАНДАР ОДАҒЫ: ЕУРАЗИЯЛЫҚ СОТ ҚҰРАЙЫҚ
Қазақстанның Мұсылмандар одағы мен Орта азиялық Адам құқығы жөніндегі комитет Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путинға Халықаралық Еуразиялық сот құру турасында ұсыныс жасады. Аталған сот құрыла қалса мемлекет аралық қарым-қатынастар мен жеке азаматтар құқығы төңірегінде туған даулы мәселелерге төрелік өтпек. Бұл туралы Zakon.kz жазды.
«Өкінішке орай, Гага соты, Еуропа соты және басқа да халықаралық соттар бізден алыс. Сондықтан біздің мемлекет аралық мәселелерімізге шынайы төрелік ете алмайды», - деп мемлекет көшбасшысына бағытталған хатта Халықаралық Еуразиялық сотты құру қажеттігі туралы толықтай түсініктеме жазылған. Мұсылман құқық қорғаушылары аталған соттың құрылуы мемлекет аумағында сот жүйесінің дамуы мен біркелкілігін көрсетеді деп санайды екен.
Абай-ақпарат