Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3934 0 пікір 22 Мамыр, 2014 сағат 14:38

ҚЫТАЙ НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ КӨРЕГЕНДІГІНЕ ТАҢ ҚАЛАДЫ

«Бұл туралы Қытай басшысы Си Цзиньпин Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) 4-саммитінде мәлімдеді», - деп хабарлайды Mail.ru жаңалықтары ҚазАқпарат агенттігіне  сілтеме жасап.

Қытай президенті өз сөзінде: «АӨСШК-ның өткізілуінің  бастама идеясы  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтікі, біз оның саяси көрегендігіне таң қаламыз. Сондай-ақ  оның алдында аймақтық қауіпсіздік пен әлемдік тұрақтылықтың сақталуына өзімізді қарыздар сезінеміз», - деп атап көрсеткен.

Аталған саммитқа 11 елдің басшылары, 1 үкімет басшысы, халықаралық ұйымдардың жетекшісі және 46 шетел делегациясы қатысты. Олардың ішінде Қазақстан, Әзербайжан, Пакистан, Ресей, Қырғызстан, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Монғолия, Шри-Ланка  президенттері бар. Сондай-ақ БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун де саммитқа келген.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435