Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3752 0 пікір 21 Мамыр, 2014 сағат 11:40

РЕСЕЙ ДУМАСЫ ҚОС АЗАМАТТЫҚ ЖАЙЛЫ ЗАҢДЫ ҚОЛДАДЫ

Ресей мемлекеттік думасы 20 мамыр күні ресейліктерді қос азаматтығы бары туралы хабарлауға міндеттейтін заң жобасын алдын-ала мақұлдаған. Бұл туралы «Азаттық» жазды. Заң бойынша, енді қос азаматтығы барын жасырғандар жауапқа тартылатын болады.
Заң жобасын бұрын КГБ қызметкері болған депутат Андрей Луговой ұсынған. Ол "қос азаматтық Ресей азаматтығының мәнін кетіріп, өз отанына деген қарым-қатынасын суытып жібереді" деген. Депутаттың сөзінше, қос азаматтық мәселесі "Батыс елдері Ресейге агрессиялық қысым жасап жатқан кезде өте маңызды". Егер жоба қабылданса, үшінші елдің азаматтығын алып, бірақ онысын жасырып жүрген ресейліктер 20 мың рубльге дейін айыппұл төлемек және 400 сағат түзету жұмыстарына жегілмек екен.

Естеріңізге сала кететін болсақ, биыл Ресей азаматтығын берудің жаңа тәртібі қарастырылған еді, орыс тілінде сөйлей алатын кез келген адам Ресей азаматтығын алуы үшін Ресей территориясында үш ай ғана тұруы жеткілікті болатын. 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435