КАРИМОВ – КАНДИДАТ
Өзбекстан Президенті Ислам Каримов биылғы жылдың 29 наурызында өтетін Президент сайлауына қатысатын болды. Бұл шешім Өзбекстанның либерал-демократиялық партиясының кезекті құрылтайында қабылданды.
Көрші елдегі Президент сайлауы соңғы рет 2007 жылы өткен болатын. Қазіргі ел басшысы Ислам Каримов сол жолғы сайлауда жеңіске жетіп, жеті жыл мерзімге қайта сайланған еді.
Ислам Каримов - Орта Азиядағы елді ұзақ жыл басқарған мемлекет басшыларының бірі. 1991 жылдан бері билікте отырған Ислам Әбдуғаниұлы алдағы 30-қаңтарда жетпіс жеті жасқа толады.
Абай-ақпарат.