Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2645 0 пікір 12 Мамыр, 2010 сағат 10:40

Шымкентте адвокатты өлтірген азамат ұсталды

Шымкент. 12 мамыр. ҚазТАГ - Шымкентте 69 жасар адвокат Күләр Адамбаеваны өлтіргенін мойындаған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлады ОҚО ішкі істер департамент баспасөз қызметі. 

Адвокат 24-ші сәуірде қаза болған. Оның пәтерінде өрт шықты, бірақ адам денесінде күштеп өлтірген іздер болғандығынан полиция іздеу жұмыстарын бастаған.

«Сот-медициналық сараптама адвокаттың тұзақпен тұншықытырылып, кеудесі мен бауыры және оң жақ бүйрегіне пышақ салғаннан қаза болғанын анықтады», - деді баспасөз қызметінің өкілі Ақмаржан Мырзахметова.

Жеделе іздестіру барысында 8-ші мамырда 28 жасар Өзбекстан азаматы ұсталды. Ол Еңбекші бөлімінде ұялы телефон ұрлағаны үшін тергеуде жатқан болатын.

«Зардап шегушіні дәл сол адвокат қорғап жүрген. Күдіктінің айтуынша, ол адвокаттың қызметін толық төлей алмаған сондықтан оны өлтіруге барған. Және қылмысын жасыру үшін пәтерге от салып, өрт барлық іздерді жоқ қылады деп сенген», - дейді А. Мырзахметова.

Өзінің құрбанының пәтерінен қылмыскер ұялы телефон, Т9 мың сомасындағы ақша мен адвокаттың алтын шынжырын алып кеткен. Қазір күдікті қамауда. Оған ҚР ҚК-нің екі бабы - «адам өлтіру» мен «қарақшылық» баптары бойынша айып тағылды.

0 пікір