Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 8612 0 пікір 15 Қаңтар, 2015 сағат 10:00

ОҢТҮСТІКТІҢ БАЛАБАҚШАСЫ ОРЫСША СӨЙЛЕП, ӨЗБЕКШЕ КИІНІП ЖАТЫР

Соңғы кездері  Оңтүстік Қазақстан облысындағы балабақшалардың идеологиялық ұстанымын түсінуден қалдық. Қазақ балабақшаларындағы əр ертеңгілік, мерекелік іс-шараларда балалар өзбекше көйлек-шалбар киіп, орысша тақпақ жаттап əлек болады. Бастапқыда бұл мәселеге  мəн бермедік. Қазақы дархан көңіл отандас өзге ұлттардың биін билеп, əнін айту – өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін нығайтады, достыққа үйретеді дегенге жетеледі. Бірақ, бұл жағдай тәрбие мекемесінің барлық шараларында тұрақты түрде қайталанатынын байқап жүрміз. Тіпті,  балалар өзбектің ұлттық киімімен концерттік бағдарламаны аяқтайтын болды. Осы жағдайға байланысты тəрбиешілерге айтқан уəжімізге:  -" Қазақтың ұлттық киімін наурызда киеміз" - деген жауап алдық. Сонда қазақтың ұлттық киімдері мен рухани мұрасы есік сығалап 22-наурыз мерекесін күтіп тұра беретін болғаны ма?

Жаңалықтың сорақысы бұл емес. Жуырда балабақшалардың жанынан жаппай орыс топтары ашыла бастады. Ата-аналар сұранысы бойынша - мыс. Одан бөлек, тәрбие мекемесіне балаларын жаңа әкелген ата-ананы қызметкерлер: - Балаңызды орыс тобына берсеңіз, мол мүміндіктер ашылады. Баланың интеллектуалдық дамуына, алғырлығына көп ықпал етеді, – деп түрлі сылтаулар айтып, үгіттеуге көшкен. Балабақша қызметкерлерінің айтуына сенсек, бала қазақ тобында тәрбиеленсе, дамуы тежеліп, тәрбиеден таршылық көрмек. Мұны естіген ата-аналардың бірқатары үдере көшіп, балаларын орыс топтарына ауыстыра бастады. Мұндай ақылға сыйғысыз амалдың астарынан біз сұмпайы саясаттың лебін байқаймыз. Заң бойынша, егер балабақшада орысша тәрбиеленушілердің үлесі салмағы  30 пайыздан асса, оны орыс тілінде тәрбие беретін мекемеге айналдыруға болады.

Қазақ тілінің мұншама сорлы күйге түсіп, шеттетілуінің себебі неде? Істің астарынан табыс көздеген бақша бастықтары ма? Əлде ел іргесі сөгіліп, мемлекеттік тіл мен қазақтың мол мұрасы өз елінде өзгенің көлеңкесінде қалып бара ма? Еліміздің ең қазақы облысында осындай жағдай болып жатса, өзге өңірлердегі жағдай не болмақ? Мемлекет болашағы үшін маңызды мәселеге  құзырлы орындар көңіл бөліп, мәселенің мән-жайына қанықтырар деген оймен осы мақаланы жариялап отырмыз.

Редакциядан: Хат иелері әзірге өздерінің аты-жөндерін жарияламай тұруды өтінгенін ескертеміз.

Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394