Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4640 0 пікір 13 Қаңтар, 2015 сағат 16:35

«БАЯНАУЫЛ» БАСЫНА… БҰЛТ ТӨНДІ

Алматыдағы ірі базардың бірі - «Баянауылдың» есігіне қара құлып салынды. Автокөліктердің қосалқы бөлшектерін сатумен нәпақасын тауып отырған үш мыңнан астам кәсіпкерлер үйреншікті жұмыс орындарына жіберілмеді.

Оқиға орнында болғандардың айтуынша, сатушылар мен әкімшілік қызметкерлері арасында түсінбеушілік туып, іске арнайы жасақ араласқан. Бұл әрекетті базар басшылығының арандатуы деп түсіндіргеннен кейін, кәсіпкерлер сабасына түскен.

«Базар басшылығы 8-қаңтарға дейін аумақты босатуы керек еді. Бірақ ешқандай әрекет болмағандықтан бүгін соттың шешімін орындауға келіп тұрмыз. Жалпы базардың жұмысын тоқтату жайлы шешім бір жарым жыл бұрын шыққан еді. Бірақ базар басшылығының жоғары сотқа шағымдануына байланысты шешімді орындау кейінге қалдырылды. Бірақ ол бәрібір жеңілді», — деп түсіндірді базардың жабылуын Алматы қалалық сотының шешімін орындауға келген мемлекеттiк сот орындаушы Рахым Орынбаев «Алматы» арнасына берген сұхбатында.

Енді бір аптаның ішінде базардағы барлық дүние-мүлік көшірілуі тиіс. Базардан босаған орынға балабақша мен мектеп салынады деп жоспарлануда екен.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385