Акчулаков ҚМГ басқарушы директоры қызметтіндегі Иденовты алмастырды
Астана. 12 мамыр. ҚазТАГ - Болат Акчулаков «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры қызметтіндегі Мақсат Иденовты алмастырды, деп хабарлады компания баспасөз қызметі.
«Болат Акчулаков бұған дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарған», - делінген сәрсенбі күні таратылған ақпараттық парақшада.
Бұрынғы жылдары Б. Акчулаков ҚР энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарған. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен ҚР ЭМРМ-де жұмыс істеген кездері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болған.
«Иденов өтінішін сәуірдің басында берген болатын. Оны «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, электрэнергетикалық және мұнайгаз активтеріне жетекшілік ететін Болат Акчулаков алмастырады», - деді дереккөз ҚазТАГ-қа 27-ші сәуірде.
М. Иденов ҚМГ-да Қарашығанақ пен Қашаған кеніштерін игеру жобаларына жетекшілік жасаған.
Баспасөз қызметінің хабарында, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары - басқарушы директоры болып 4-ші мамырдан бастап Болат Палымбетов тағайындалғанын еске салады. Ол бұған дейін «СПК Каспий» ҰК» АҚ басқарма төрағасы, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Маңғыстау облысының әкімі, «ҚазТрансОйл» ЖАҚ бас директоры қызметтерін атқарған.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы - Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттің мүдделеріне өкілеттік ететін көмірсутекті барлау, өндіру, өңдеу, тасымалдау бойынша ұлттық оператор. ҚМГ ҰК акцияларының 100%-ы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тиесілі.