Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 8976 0 пікір 24 Желтоқсан, 2014 сағат 11:43

2014: БАҚИҒА ОЗҒАН БАҒЛАНДАР

Жылқы жылы Ұлы Далаға әз Наурызбен сар желіп енгені кеше ғана сияқты болғанымен, әлемнің жұрты күнтізбектің соңғы парақтарына үңіліп отырған кезде үнсіз қала алмайтынымыз анық. Қалай дегенмен де қазақ тарихы тағы бір жылға толықты. Есепті жылдың соңы болғасын, есіміздегілерді жаңғыртып, оқырман көңіліндегі емен - жарқын сәттерді бір жаңғыртып алған жөн шығар деп отырмыз. Алдымен, биылғы жылы ортамыздан озып, бақилық болған аға буынның атын атап, аруағына бір тағзым етіп алу парыз. 

Қара жер қойнына алған қимас ұл-қыздың арасында қазақ руханиятының қабырғалы өкілдері болғаны қабырғанымызды сөгіп кеткендей болды. Ел назарындағы тұлғалардың о дүниелік болуы – қаралы қаза ғана емес, тұтас бір қоғамдық даму дәуірінің аяқталуы сияқты әсерге бөлейді. Ал, биылғы жылы қазақ жұрты мына тұлғалармен қоштасты:

 

Ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақстанның Халық жазушысы Фариза ОҢҒАРСЫНОВА.


Академик, профессор, медицина ғылымдарының докторы, қазақ онкологиялық зерттеулер ғылымының атасы ­Сайым БАЛМҰХАНОВ.

 

Белгілі ақын, әдебиет сыншысы, мәдениеттанушы Әмірхан БАЛҚЫБЕК.

 

 

Академик, Қазақстандағы химия ғылымының даумына өлшеусіз үлес қосқан ғалым, асылдың сынығы Болат ЖҰБАНОВ.

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік Туының авторы, өнер қайраткері, суретші Шәкен НИЯЗБЕКОВ.

Қазақтың классик қаламгері, сөз өнерінің зергері, Қазақстанның Халық жазушысы Қалихан ЫСҚАҚ.

Көрнекті қаламгері, домбырашы, кинодраматург, мәдениеттанушы Таласбек ӘСЕМҚҰЛОВ.

 

Қазақтың батыр ұлы, Кеңес Одағының екі дүркін батыры, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат БИГЕЛДИНОВ

 

Ұлағатты тәрбиеші, Кеңес Одағының үздік мұғалімі, Қазақстанның үздік ұстазы Қанипа БІТІБАЕВА

 

Қазақ прозасының шебері, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы Адам МЕКЕБАЕВ

 

Қаламгер, театр сыншысы, көрнекті өнер қайраткері Әшірбек СЫҒАЙ.

 

Фантаст-жазушы, филология ғылымдарының докторы, журналистика ардагері Абдулхамит МАРҚАБАЕВ.

 

2014 жыл қазақ руханияты үшін ауыр қайғының жүгін артқан мезгіл болды. Биылғы жылы бақиға озған бағландардың жарқын бейнесі Алаш жұртының жүрегінде сақтала берсін!

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5304