Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4451 0 пікір 19 Желтоқсан, 2014 сағат 11:29

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫҢ КӨШБАСЫНДА«KEGOC» ТҰР

         

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен өткен кезекті отырысында Қор компаниялар тобын трансформациялау бағдарламасының жүзеге асырылу барысын қарады деп хабарлайды "Самұрық - Қазына" АҚ Жұртшылықпен байланыс департаменті.  

  Трансформация бағдарламасы аясындағы Директорлар кеңесі мақұлдаған алғашқы маңызды құжат Корпоративтік басқару кодексі болды.

 Кодекс корпоративтік басқару саласындағы соңғы кездегі әлемдік тәжірибелер мен Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының (ЭЫДҰ) өзекті бастамаларын, соның ішінде Директорлар кеңесінің тиімділігін арттыру және олардың акционерлер алдындағы есептілігін, тәуекелді басқару мен тұрақты даму мәселелерін басшылыққа алады.

«Біз бұл жобаға еншілес ұйымдарды, тәуелсіз директорларды кеңінен тартып, ЭЫДҰ сарапшыларымен, мемлекеттік органдармен, ұлттық компаниялармен  кеңестік. Жаңа Кодекс аясында біз барлық топтардың ұзақмерзімді құнын арттыруды және Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін тұрақты дамуды қамтамасыз етуді көздейміз. Тұрақты даму үлгісін енгізудің маңыздылығы туралы Мемлекет басшысы да жиі айтып келеді. Үздік басқару стандарттарына негізделген Кодексті қабылдау Қор тобына деген Қазақстанның өз ішіндегі және шетелдердегі сенімді арттырады, инвестициялық ахуалды жақсартады, сондай-ақ, біздің компаниялардың ЭЫДҰ озық стандарттарына ұмтылысын көрсетеді. Мұның бәрі Мемлекет басшысы алдымызға қойған мақсаттармен үндесіп жатыр», - деді, Директорлар кеңесіне құжатты таныстырған Қордың Басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутова.

  Кодексті әзірлеу барысында Қор компанияларды жеке ұйым ретінде көптеген акционерлер арқылы басқару және оларға жоғары корпоративтік басқару стандарттарын қолдану тәсілін ұстанады. Сонымен қоса, Директорлар кеңесі Қордың бес компаниясындағы корпоративтік басқарудың тәуелсіз диагностикасының нәтижелерін қарады.  Диагностика нәтижелері оң үрдістерді байқатады. Корпоративтік басқару рейтингінің көш басында 80,5 рейтингтік көрсеткішпен «Эйр Астана» АҚ тұр. Бұдан әрі «KEGOC» АҚ (78,1 р.к.), «Қазатомпром» ҰАК» АҚ (76,8 р.к.), «Самұрық-Энерго» АҚ (73,5 р.к.) және «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік» АҚ (71,2 р.к.).Корпоративтік басқару ортасын жақсарту, тәуелсіз директорлар санын ұлғайту, жекелеген компанияларда 50%-ға ұлғайған, директорлар кеңестерінің тиімділігін арттыру, сыртқы аудиторды сұрыптау үрдісінің жақсаруы, корпоративтік басқаруды Трансформация бағдарламасының басты бағытына айналдыру барлық компаниялардағы оң өзгерістердің қатарына жатады. Сонымен қатар, Қор компаниялар тобындағы корпоративтік басқаруды жетілдіру ісін бұдан әрі де жалғастыра береді.

Жиын барысында Қор қызметіндегі өзге де мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394