ТҚЖБ: Біздің банк салымшысы үшін девальвация қаупі жоқ
САУАЛ:
«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» есеп шот ашып, ақша жинағым келеді. Алайда, күтпеген жерден девальвация болып,ақшам құнсызданып кетпей ме? Бұл сақтандырылған ба?
Алмат, Өскемен қаласы.
ЖАУАП:
- Әрине, біздің банктің салымшы болуға ниет білдіргеніңізге қуаныштымыз. Тек, сіз бекерге алаңдайсыз. Біздің банк салымшы үшін девальвация қаупі жоқ. Яғни, ұлттық валюта бағамының өзгеруі «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ жұмысына әсер етпейді. Өйткені банктің барлық міндеттемелері мен активтері ұлттық валютада бекітілген. Жасалған келісімшарттар бойынша алынатын баспаналар мен жасақталған пулдар бойынша баспана құны өзгеріссіз қалады.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін банк 3,5 - 5 % үстемақымен 32 мың заем, 5-7 % үстемақымен 7 мыңға жуық заем, 7,2-10 % үстемақымен 22 мыңдай заем беріп ұлгерді. Ал, банктің қолданыстағы тарифтік бағдарламасы іске қосылғаннан бері тұрғын үй заемдары бойынша пайыздық үстемақы өзгертілген жоқ. Аралық заемдар бойынша пайыздық мөлшерлеме 2013 жылдың 1 қаңтарында 30 пайызға төмендетілді.