Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5126 0 пікір 9 Желтоқсан, 2014 сағат 15:36

СЕКЕН КҮЙ КЕШІНЕ ШАҚЫРАДЫ

Қара домбыраның шанағына тіл бітірген дәулескер күйші, пенде көңіліндегі алапат толқынды қос ішектің күмбіріне көшірген композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Секен Тұрысбек Алматының өнер сүйер жұртына ән мен күй кешін ұсынбақшы.

Бұйырса, 11 желтоқсан күні күйшінің кеші өтеді. Кештің өн бойында «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің орындауындағы дәстүрлі ән мен дүбірлі күй қалықтамақ. Ал, ән мен күй мерекесінің құрметті қонақтары - Ерлан Ырысқалиев пен Гүлмира Сарина болмақ.

Кештің басталуы кешкі сағат 18.00. Өтетін орыны: «Қазақконцерт» залы.

Келіп, күй құдіретіне куә болыңыз.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5388