Дүйсенбі, 7 Сәуір 2025
Қайнайды қаның... 4807 0 пікір 9 Желтоқсан, 2014 сағат 15:08

ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАРҒА ЖАЛ БІТЕ БАСТАҒАН БА?

Әуелде есіктен имене енген, тұра келе терезені жағалап төрге озған шетелдік компанияларға жал біте бастаған сыңайлы.  Ішкі қырындысына онсыз да ине жүгіртпейтін олар енді еліміздің заңына пысқырмай отырған көрінеді.

Міне, Қазақстандағы жүз отыздан астам шетелдік компания 6 млрд. теңгеден асатын соманың салығын төлемей жүргелі біршама уақыт болыпты. Еліміздің Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев осылай деп алақан жайып отыр. Отандық нарықта шаш етектен пайдаға кенеліп, салыққа келгенде шекесінен қарайтын шетелдік іскерлердің бұл қарызын қайтаруға енді олардың отанынан көмек сұрамақпыз. Абырай болғанда, Қазақстан «Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы» халықаралық конвенцияға мүше екен. «Осы құжат бойынша енді жатжұрттық жылпостардың ізіне түсеміз» -дейді Қаржы вице-министрі.

Әшейінде, жалпы төлемдерді жарты күнге кешіктіргенге жалаулатып жететін құзырлы салық органдарының қызметкерлерін түсінгің келеді...

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1580
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4302
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3207