«ҚОЛЖЕТІМДІ БАСПАНАНЫ» ҚАРЖЫЛАНДЫРУ АРТТЫ
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның жылжымайтын мүлік сатып алу үшін несие берудің жаңа саясатын қолға алып отыр. Осының нәтижесінде банк несиелерінің «Қолжетімді баспана» бағдарламасына берілетін үлесі өсті.
Мысалға, ТҚЖБ беретін несиелердің шамамен 70 пайызы – коммерциялық , ал қалған 30 пайызы «Қолжетімді баспана» бағдарламасына бағытталмақ. Яғни, коммерциялық бағыттығы несие беру үрдісі жылдан-жылға төмендеп келеді. Былтырғы жылы «Қолжетімді баспана» бағдарламасына бөлінген қаржы 20 пайызды құраған болса, биылғы өсім жоғарыдағыдай.
Абай-ақпарат.