Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2070 0 пікір 14 Мамыр, 2010 сағат 09:02

Статагенттік башысы экономикалық өсудің қазіргі үрдісінде 2010 жыл қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің 7%-дық өсуіне қол жеткізу мүмкін емес дейді (қосымша)

Астана.14 мамыр. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Статистика агенттігінің басшысы Әлихан Смаилов экономикалық өсудің қазіргі үрдісінде 2010 жыл қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің 7%-дық өсуіне қол жеткізу мүмкін емес деп есептейді.

«ІЖӨ өсуін 6-7% деңгейіне (2010 жылдың қорытындысы бойынша - ҚазТАГ) жеткізу үшін өте тырысу керек болады. Егер бәрі де қазіргі үрдісте сақталса, онда ондай өсуге қол жетпейді», - деді ол баспасөз мәслихатында.

Ә. Смаиловтың пікірінше, қаңтардан бергі байқалып отырған ІЖӨ нақты өсуі 2010 жыл қорытындысында үкімет болжағаннан 2% деңгейде жоғары болады.

«Менің жеке көзқарасым бойынша ІЖӨ өсуі биыл экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің болжағанынан жоғары болады», - деді ол. Бұл ретте агенттік басшысы өзінің болжамын негіздеуден бас тартты.

ІЖӨ-нің 7% -дық нақты өсуіне қол жеткізу үшін, оның айтуынша, тауар өндіру мен қызмет бизнесіне  үкімет пен атқарушы орган тарапынан қосымша шаралар қолданылуы тиіс.

Статагенттік мәліметтерінше, ІЖӨ нақты өсуі қаңтар-наурызда, 2009 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда - 7,1% өсіп, қаңтар-сәуірде - 7,6% болды.

Бұрын хабарланғандай, осы аптада премьер-министр Кәрім Мәсімов экономиканың өсуін жылына  7%-дан кем болмауы керектігі туралы міндет қойған болатын.

Оның пікірінше, Қазақстанда қаңтар-сәуірде ІЖӨ өсуі 7,6% деңгейде болғаны «жаман нәтиже емес».

«Экономикалық даму министрлігіне тапсырма беремін: біз ІЖӨ-ні алғашқы жартыжылдық пен жылдық көрсеткіште қазіргі деңгейде ұстап тұру үшін тыңғылықтауды қажет ететін базалық көрсеткіштерді қарап шығу керек. Бізде тағы қандай резервтер барлығын мұқият қараңыздар», - деді ол сейсенбі күні үкімет отырысында. 

К. Мәсімов «әкімдер 2009 жылы жақсы жұмыс атқарды, қосымша резервтерді тауып, сондықтан бізде жыл қорытындысында оң нәтижеге қол жеткіздік (ІЖӨ-ден - ҚазТАГ)».

«Енді жаңа міндет тұр: оң нәтиже аз. Енді тұрақты өсуді қамтамасыз ету керек, ал тұрақты өсу дегеніміз ол - 7%», - деді К. Мәсімов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420