Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4923 0 пікір 4 Желтоқсан, 2014 сағат 12:56

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ: өскемендік отағасының ризашылығы

 

Шығыс Қазақстан облысында «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша салынған көпқабатты тұрғын үйлердің қатары жыл сайын артып келеді. Былтырғы жылы Өскемен қаласының өзінде ғана 90 мың шаршы метр тұрғын үй салынды.
Ал, өңірдегі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы қаржы жинап, мақсаттарына жеткен жаңа пәтер иелерінің қуаныштарында шек болған жоқ. Солардың бірі Айдын Сұлтанов. Осы уақытқа дейін пәтер жалдап келіпті. Ол әскери қызметкер. Айына 40-50 мың теңге төлеп, пәтерден-пәтерге көшіп жүру кімге болса да оңай соқпасы анық. Айдын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» бірер жыл ақша жинады. Сөйтіп, су жаңа 3 бөлмелі пәтердің иесі атанған.
- Жастар үшін баспана ең басты мәселе ғой. Бүгін шын мәнінде бақыттымыз, осы құрылысты жүргізіп, тұрғын үйлер санын жыл санап көбейтіп жатқан облыс басшылығына, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» зор алғысымды айтқым келеді, - дейді Айдын Сұлтанов.
Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364