СЕКТАНТТАРДЫҢ ҚАСЫНДА СЕЙСЕНБАЙ НЕГЕ ЖҮР?
Жақында интернет беттерінен жаңалықтар ашып отырып Абай.kz сайтынан «Зияратқа барып жағамызды ұстап қайттық» деген тақырыпта мақаланы оқыдым. Хатта Жамбыл облысы Байзақ ауданының тұрғындарының атынан Әзірет Сұлтан музейіне қарасты Ұқаша ата басында болған сектанттар турасында жазылыпты. Мақаланы оқып отырып, біраз нәрсеге қанықтым. Мен де алты жылдан бері Түркістанға зияратқа баруды дағдыға айналдырғам.
Биылгы сәуір айында Ахмет Йасауй кесенесіне зияратқа бардым. Ахмет Йасауйдің молдасы Ықылыс деген жігіт екен. Ілімді екен. Оған бір мал құрбандыққа шалатындығымды айттым. Ол сол жерде басына тақия кйіп жүрген Марат деген жігітке малды алдырып берді. Отыз мыңға сатып алдым. Марат деген жігіт маған мынау Мұсамахамбет, Данияр үшеуіміз осында қызмет жасаймыз өзіміз бөліп аламыз деді. Ырза болыңыз деді. Сөйтіп малды Сұлтан деген жігітке сойдырды. Сол күні Йассы деген гостницаға қонып ертесі күні Ұқаша деген әулиенің басына зиаратқа бардым. Құдықтың басында адам көп екен. Түстен кейін барғам, кезегім кешкісін бірақ келді. Сөйтіп суымды алып қасқарая бабаның қабіріне барсам, домалақ болып отырып алған айқайлап, біресе орнынан тұрып, біресе отырып жынды адамдарша айқайлап түсініксіз әрекеттер жасап отырған адамдарды көрдім. Жағамды ұстадым. Мен ұқсаған зиаратшылар зікір салып отыр деді. Сөйтіп қарасам кешегі Ахмет Йасауй кесенесінде жүрген Марат, Мұсамахамбет, Сұлтан, Даниярды зікір салып отырған адамдардың арасынан көрдім. Жасаған әрекеттері өте қорқынышты. Зікірлері аяқталғанша күтіп отырдым. Сөйтіп бабаның қабіріне барып құран оқып, садақамды бердім. Сол жердің молдасы Ұлықбек деген жігіт біздерге құран оқып берді. Сөз арасында өзін таныстырды. Сіздер зікір салғандарға таң қалмаңыздар. Бұл ата-бабаларымыз салған зікір деді. Сөйтіп зікір салған жігіттер топтасып шайға отырды. Мені де Марат деген жігіт шайға шақырды. Сөйтіп Ұлықбек осы жердің имамы, Сейсенбай Ахмет Әзірет Сұлтан музейінің директор орынбасары деп таныстырды. Қалғандарының есімі есімде қалмапты. Директордың орынбасары Сейсенбай Ахмет оның арасында неғып жүр деген сұрақ әлі мені мазалайды. Өзі реңді сары құба жігіт Сейсенбай Ахмет салидный көрінді. Сөйтіп Сатпаевқа барған соң осы оқиғаны мешітке барып молдаға айтып едім ол бірден шошып тәте оларға жақындамаңыз олар сектанттар деді. Осыдан үш жыл бұрын олардың көсемі Исматулла мақсұм деген кісі сотты болған. Демек Әзірет Сұлтан музейі мен Ұқаша ата қабірінің басында зікірші сектанттар отыр деген сөз ғой. Олар Сенім-білім-өмір деген қоғамдық бірлестік құрған қазір бәрі құрдымға кеткен. Абайлаңыз, сақ болыңыз деді. Содан белімді буып Мәдениет министрлігіне осы оқиғаға байланысты сан мәрте хат жаздым бірақ жауап ала алмадым. Халықтың рухани орталығына айналған Түркістанды сектанттардың ұйымына айналдырған Әзірет Султан, Ұқаша ата мазарында тайраңдап жүрген сектанттарды түбегейлі зерттеп заңды шара қолдану керек деп санаймын.
Ханбибі Абуова
Сатпаев қаласы.
Редакциядан: Пікір еркіндігі бар жер де ақиқат туады деген ұстанымға сай, оқырманнан электронды пошта арқылы келген хатты өзгеріссіз, қаз қалпында жариялап отырмыз.
Абай.kz