Ықылас Шалғынбай. КІТАП ӨРТЕУШІ
(Әдеби сын)
Біз тұратын ауланың иесі екі дағар кітапты отқа жағып моншасын жылтып жатты. Сақталғанына ұзақ болған сары қағаздар отқа тигенде лезде күйіп жоқ болды. Ол маған бұл кітаптардың енді еш керегі қалмағанын, соңғы міндеті моншаға отын болу екенін күле отырып баян етті. Бұл өртеніп жатқан кітаптар ертедегі Отырар кітапханасындағы құнды кітаптар емес, мәңгілік сұрақтарға жауап беретін даналық кітаптар да емес, Кеңес одағында милиондаған данамен басылып шығып, кеңестік «оқымысты» оқырманның қолында бақытты ғұмыр кешіп, бұл күнде Қазақстанның ауыл, аудан, қалаларындағы кітапханаларда шаң жұтып, кітап сөрелері мен жер шарына салмақ түсіріп тұрудан басқа қызметі қалмаған, « сауырына» саусақ тимегелі талай жылдар аунаған кітаптар еді. Әлемдік әдебиеттің тарихына қарап отырсаңыз, саясатпен көңіл қосып, соның айтақтауында бір дәурін өткізген әдебиет – Кеңес одағы тұсындағы әдебиет екен. Өз жолын қасаң қағидамен бекемдеп, айналасын қымтап ұстаған бұл әдебиеттің бағыттық атауы «Социалистік реализм» болатын. Жалпы әдебиеттің дамып, тың белестерге көтерілуі философияның дамуымен тығыз байланыста болғандықтан біз сөз етіп отырған ағым Маркстік философияның өмірге келуімен бірге пайда болды және кезіндегі Маркс пен Энгельс ортаға қойған әдебиет туралы пікірлерді қабылдай отырып, Кеңестік идеологияға қызмет ететін пролеторият әдебиетін жасап шықты. 1932 жылы 23 сәуірде Кеңес одағы орталық көмитеті « Әдебиет орталықтарын өзгертіп құру» тұрасында қарар қабылдады. Сол жылы 29 мамырда Москвада шығатын «Әдебиет газеті» жоғарыдағы қарар туралы мақала жарялап, алғаш рет социалистік реализм деген атауды қолданысқа енгізді. 1934 жылы Кеңес одағының бірінші реткі құрылтайында Социалистік реализм Кеңес әдебиеті мен сынының негізгі бағыты болып ресми бекітілді және Жазушылар одағының заңына кіргізілді. Кезінде Кеңес әдебиетінің төре табағынан мұртын малып майлы ас жеген кейбір аға жазушыларымыздың өткенді сағына еске алатыны бар. Енді сол сағынышқа айналған кезеңнің бірнеше қателіктері туралы шамамыз келгенше айтып көрейік.
Бірінші реткі құрылтайдан кейін әр елде Жазушылар одағы құрылып, ақын-жазушыларды мүшелікке қабылдап, олардың біржерде, бір көзқараста жұмыс жасауына жағдай жасалды. Кеңес одағы мемілекетке ең қауіпті топ зялы қауым екенін, жолын таба білсе үлкен қару болатын осы қауымды бірден бір басқару жолы Жазушылар одағын құрып, белгіленген тәртіп орнатып басқару екенін жақсы білді. Жазушылар одағы, барлық баспа орталықтары мемілекеттің қадағалауында болды. Бұл жағдай жазушыларды мемілекеттің сызған шеңбері ішінде жұмыс жасатуға, олардың жеке-дара жұмыс жасап, кітаптар шығарып қауыпті идеалар тудыруының дерліктей жолын тосып отырды.
Екіншіден, жазушылар шығармаларында реалдықты ұстанып, қоғамда болып жатқан шындықты шынайы жазу деген ұранды ұстанғанымен Кеңес одағының өтірігін жазауға ғана қызмет етті. Сол кезде мүлде қалам тартуға болмайтын жабық тақырыптар болды. Мысалы, Отыз екінші жылы қазақ халқын зор қырғынға ұшыратқан ашаршылық туралы, көшпелі мал шаруашылығынан бірден отырықшылыққа өткен халақтың психологиясындағы, түсінігіндегі өте қатерлі өзгерістер туралы ашып көрсетілмеді. Қазақ жерінде ядролық жарылыстардың зардаптары, Елу алтыншы жылғы тың игеру кезіндегі ауып келген ұлыттардың өздерімен ала келген тұрмыстық әдеттері, оның қазаққа жұғуы, әсер етуі туралы жазылмады.
Үшіншіден, жазушылар шығармалары реалдық бағытты ұстанғанымен, романтикалық сарындар аралысып жүрді. Мысалы,жеңістен- жеңіске жете беретін, еш нәрседен қайтпайтын кедей қаһармандар образы, коммунизм орнату жолындағы күрескер топ, еш міні жоқ мемілекеттегі асыл мұраттар туралы шығармалар асыра сілтеп пафостық тілде жазылды. Азапты жұмыс майданы, бастапқы мемілекеттің кедей қалыпындағы жағдай мүлде ауызға алынбады. Бұндай шығарамалрдың көптеп жазылылуы, ауыр жұмыстарға жегіліп, мемілекеттің тез етек жинауына жанын салып жұмыс жасап жатқан кедей қауымды желпіндіріп тастады. Бұл шығармалар оларды шырын түстер көріп, мемлекет үшін аянбай еңбек етуге жетеледі. Олар жұмыс алаңында тынымсыз еңбек етіп, демалыс дегенді білмей жұмыс жасады. Жоғарыдағы зиялы қауым, жазушылар жылы үйде, аста-төк дастарқан басында жұмысшы қауымның еңбегіне келген ақшаны сапырып жұмсап, сол жұмысшылар үшін бітпес ертегілер жазып жатты. Қысқасы, төмендегі жұмысшы тап дерліктей армандаған коммунизмдік рахатқа жете алмады. Оны тек жазушылардың кітаптарынан оқып тамсанып өмірлері өтті. Ал жоғарғы жіктегі адамдар ғана Кеңес одағының рахатын көріп кетіпті. Сондықтан жазушы ағаларымыз осы кезеңді сағынатын болу керек.
Төртіншіден, жазушылар еңбекші халықтың ішінен шыққан Социалистік руыхтағы жаңа адамдардың, геройлардың типтік образын жасап шықты. Бұл образдар өте «жаңашыл» болды. Бір ұлыттың Кеңес одағы орнағанға дейнігі өмірі қараңғы, надан күйде өтті, тек бізді құтқаратын комунистер деп, бір халықтың сан ғасырлық мәдениетін жоққа шығарды. Және күллі кедейлерді өз ұлытын тастап, коммунист деген ұлт болуға шақырды. Жазушылар осы кейпкерлер обыразын ашу үшін адамдарды «жақсы», «жаман» деп жікке бөліп, байларды қарау, надан, зұлым етіп көрсетті. Ал большевик рухы адал да, мейірімді, білмейтін нәрсесі жоқ, бәрінен пәк, әулие кейпінде көрсетілді. Бұл мүлде психолгиялық заңдылыққа сыймайтын керағарлық еді. Бұл образдар жұмысшы халықтың үйрену үлгісі етіп алға тартылды. Жазушылардың шығармалары азда болса «Кеңес адамының» қалыптасуына еңбек етті. Содан барып қазіргі күнде біздің арамызда жүрген ұлт, дін, дәстүр дегенге бөлінуді білмейтін дүбара адамдар пйда болды.
Бесіншіден, әдебиеттегі жаңашылдыққа мүлде қарсы болып, бір ізділікті жақтады және оның атын дәстүрлі әдебиет деп атап, осы жолға мұрагерлік етуді алға қойды. Шығарманы жұмбақтамай, ашықта, түсінікті етіп жазу керек дейтін «Дәстүрлі әдебиеттің» қатып- семген қағидаттарынан тайқып кеткен шығармалар қатаң сынға ұшырап, терістелді. Әлем әдбиетінде болып жатқан жаңалықтарды қаралап, оларды адасушылыққа әкеп тіреді де, тек ең ұлы әдебиет Кеңес одағындағы әдебиет екенін барынша дәлелдеуге тырысты. Батыста болып жатқан әдеби жаңалықтардың кіруіне, кітаптарының басылуына қатаң тиым салды. Тек мемлекет идеологиясына зянсыз шығармалар аударылып басылды. Мемлекеттегі бұндай қатаң жағдай жазушыларды кең ауқымда ізденіп шығармалар жазуға тұсау болды, сол кездегі әдебиеттің тізгінін ұстаған кеңесшіл сыншылардың өзі жазушыларды шідерлеп ұстауға таптырмайтын қару болды да. Осы бір Кеңес одағынан қалған жаңашылдыққа үрке қарау «ауыруы» біздің қоғамда әлі күнге өз құндылығын жоғалтпай келеді. Кейбір сыншы ағаларымыз жаңашылдыққа бой ұрған жастарды шаужайлап, оларды теріске шығарып жататыны бар.
Алтыншыдан, ұлыттың ауыз әдебиетін тек тілдік көркемдік жақтан зерделеп, ондағы құнды мифологиалық қатпарлар мүлде терең зерттелмеді. Қайта әуыз әдебиетін бұрмалап эпостық жырлардағы батырларды, немесе басқа да тарихи тұлғаларды кедейлер үшін күрескен социалистік руыхтағы большевиктер етіп көрсететін шығармалар жазылды. Ауыз әдебиетіндегі, ұлт мәдениетіндегі терең қатпарлардың ашылып зерттелмей, қақпайға ұшырауы, жазушылардың өз шығармаларында ұлыттың жанын терең қазуға, ондағы таңбаларды көркемдік ретінде пайдаланып, жаңалықтар ашуына ұлкен кедергі болды.
Жетіншіден, әдеби сын биліктің сызған сызығынан шыға алмағандықтан жазушылардың жеке шығармашылық қабілеттері туралы ашып жаза алмады, тек «Керемет» шығарма деген баға беріліп, несі керемет екенін таратып айта алмады. Қайта шығармалардың көркемдік тілі туралы, немесе шығармадағы образдар, оның тәрбиелік мәні туралы. шығармадағы қай кейіпкердің жаман, қайсысы жақсы екені , кімнен үйрену керектігі туралы сындар баса жазылды. Жалыпы шығарманың жартысын оқырман жазады деген түсінікке сай келмейтін, мүлде сыншыны қажет етпейтін шығармалар сол кезде жетерлік болды. Себебі ондай шығармаларда барлығы айқын еді. Қай жерін сынайсың, қандай құпиясын ашасың, барлығы бадырайып тұрса?.. Мұндай шығармаларды сол кездегі билік қолдап отырды. Сосында сын осындай қара байырлыққа қарай жол тартқан сықылды. Бір жағынан қатал цензура сынның дербес дамып, жазушылардың көш бастауын қаламады да.
«Біздің әдебиетімізді әлем елдері неге оқымайды, неге бізге назар аудармайды, біздің әдебиетте ұлы әдебиет қой» деп жатамыз кейде . Әрине қазақ әдебиетінде де әлемдік бәйгеден оза шауып келер кемел жазушылар жеткілікті. Бірақ идеологияға қызмет еткен әдебиет деген күмәннан туған күдік, немесе идеологияны жырлаған шығармалардың көптігі біздің әдебиетіміздің дамуына( себебі, ол кітаптар бізде әлі таралымда жүр), әлемге жол тартуына үлкен кедергі келтіріп тұрған сяқты. Сол үшінде идеологияға шынайы жанымен қызмет етіп, біздің керемет әдебиетімізді, мәдениетімізді өзімен бірге құрдымға тартқан кітаптардың өртелгеніде дұрыс та секілді.
Abai.kz