ТКЖБ ТҰРАҚТЫЛЫҚ РЕЙТИНГІНЕ ТАБАН ТІРЕДІ
Халықаралық «Fitch Ratings» агенттігі «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның ұлттық валютамен жұмыс жүргізу ісін оң бағалады. Бұл бағалау ұзақ мерзімді тұрақтылық рейтінгісі бойынша «BBB+» деңгейінде анықталады. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» осы деңгейдегі «тұрақтылық» санатынан орын алды.
Ұзақ мерзімді тұрақтылық рейтінгісіндегі «BBB+» деңгейі қаржы ұйымының 100 пайыздық мемлекет меншігіндегі нысан болғандығына қарамастан, қаржы нарығындағы банкпен жүзеге асырылыған жұмыстың нәтижесіне орай анықталды.
Айта кету керек, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі – Қазақстандағы халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту іс-шараларына несие берудің сапалы жүйесі болып табылады. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ осы жүйені жүзеге асыратын бірегей қаржы ұйымы. Банктің негізгі міндеті елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту және Қазақстанның барлық өңірлерінде жұртшылықтың неғұрлым ауқымды бөлігінің тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне тең дәрежеде қол жетімділігін қамтамасыз ету және жеке қаражаттары мен Банктің тұрғын үй заемдарының есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін сапалы банктік қызмет көрсету болып табылады.