Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5156 0 пікір 27 Қараша, 2014 сағат 23:39

ТҚЖБ: ШОТТЫ ҚАЛАЙ ТОЛТЫРУҒА БОЛАДЫ?

Сұрақ:

– Мен жалақымды «Халық банкінің» жалақы карточкасы арқылы алатын едім. Өзім Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен есеп ашып, ай сайын ақша құйып жүрмін. Алайда, осы ақшаны салуым үшін жұмыстан сұранып, өз қолыммен апарып төлеуге мәжбүрмін. Осыны карточка арқылы тқлеудің жолы бар ма екен?

(Сұрақ «Абай.kz» порталында жарық көрген мақалаға жазылған пікірден алынды)

Жауап:

– «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ клиенттерінде Халық Банкінің банкоматтары мен банк терминалдары арқылы, және де Интернет-банкинг жүйесі арқылы салымдарды толықтыру және тұрғын үй (аралық, алдын ала) заемдарын өтеу бойынша төлемдер жүргізу мүмкіндіктері бар.

Ақшаны «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ пайдасына орай қалай аударуға болады? 

Өзіне - өзі қызмет көрсететін кез - келген құрылғының мәзірінде «аудармалар» бөлімін, қызметтер жеткізушісі мен «Депозитті толықтыру» немесе «Кредитті өтеу» деген төлемнің мақсатын таңдап, соманы көрсетіп, аударымды қуаттау керек.

Қызметтің құны:

1)      төлемді аудару үшін – төлем сомасынан 1% мөлшерінде (min 50 теңге max 30 000 теңге);

2)      төлемдік құжатты өңдеу үшін – халықтың барлық санаттары үшін 40 теңге, зейнеткерлер үшін – 5 теңге.

Комиссиялық сыйақы клиенттің банк шотынан акцептісіз тәртіппен ұсталынады.

Қызмет өзіңізге ыңғайлы болатын кез келген уақытта қол жетімді.

(Жауап «Халық банкінің» ресми сайтынан алынды. Сілтемесі: http://www.halykbank.kz/kz/retail/payment-cards/zhilstroysberbank)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318