Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 5085 0 пікір 27 Қараша, 2014 сағат 23:30

ХҚКО: КЕЛУШІГЕ «CONNECTION POINT» КӨМЕКТЕСЕДІ

ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Сәкен Сәрсенов Алматы қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын тексеріп қайтты. 

Орталықтарға жасалған сапар барысында филиал жұмысының тиімділігін бұдан әрі де арттыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берілді.

«Сіздердің кеңесшілеріңіз клиенттерге қызметтерді «Connection Point» арқылы өз бетінше алуды ұсынуы керек. Ол өз кезегін күткен уақыт ішінде оған электрондық қол таңба беруге, оны қалай пайдалануға болатындығын үйретуге және қажетті қызметті алуына көмектесуге болар еді. Және де бұл адам осы көмегіңіз үшін сізге дән риза болары анық. Өз клиенттеріңіздің уақытын үнемдеңіздер», - деді Сәрсенов алматылық ХҚКО басшыларымен кездесуінде.

Айта кетейік, бүгінгі күні осындай алаңдар еліміздің барлық ХҚКО-ларында ашылды, ағымдағы жылдың 10 айының ішінде ғана қазақстандықтар ол жерлерде 5 млн. астам кеңестер мен қызметтер алып үлгерді.

Сондай-ақ,  Сарсенов комитеттің ХҚКО ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша мерзімі өтіп орындалған құжаттарды анықтау бөлігінде жұмыстың күшейтілгендігін айтып өтті. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік органдардың кінәсінен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудағы мерзімдердің бұзылуы туралы ақпарат енді ай сайын ҚР Үкіметіне және Президент Әкімшілігіне жолданады. Бұл ретте, мерзімді бұзу ХҚКО қызметкерінің кінәсінен болса, ең алдымен бұл үшін оның басшысы жауаптылықта болады.

Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-сына сапары барысында Сәкен Сәрсенов «шоферлік комиссияның» жұмысымен танысты және де осы тәжірибені жүргізуші куәліктерін беру бойынша қызметтер көрсетілетін қалған ХҚКО-ларда да кеңінен таратуға тапсырма берді.

«Шоферлік комиссияның» ағымдағы жылдың қазан айында алматылық мамандандырылған ХҚКО-да іске қосылғандығын атап өтеміз.Аталмыш жаңа сервис автокөлік иелеріне «083У» анықтамасын тікелей мамандандырылған ХҚКО-ның ғимаратында алуға мүмкіндік береді. 

Мамандандырылған ХҚКО-лардың Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау және Тараз қалаларында жұмыс жасап жатқандығын еске саламыз. Жуық арада осындай 4 орталық Павлодар, Талдықорған, Қызылорда және Петропавл қалаларында ашылатын болады.

Алматыға сапарының қорытындылары бойынша Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары басшыларының қатысуымен бейнеконференция байланысы режимінде кеңес өткізді.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320