Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4932 0 пікір 26 Қараша, 2014 сағат 18:00

«KEGOC» «Халықтық IPO» Бағдарламасының 20 шоуын өткізді

(Тапсырыс аяқталды)

Бүгін Орал қаласында «KEGOC» АҚ-ның «Халық IPO» Бағдарламасына шығу аясында соңғы роуд-шоуы өтті. 

«KEGOC» Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компанияның акцияларына иелік ету үшін өтініштер қабылдаудың аяқталуына небәрі бір-ақ апта уақыт қалған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, «KEGOC»  осыдан екі жыл бұрын акицялары құнды қағаздар нарығына шыққан «ҚазТрансОйлдан» кейін «Халық IPO» бағдарламасына қатысып тұрған екінші компания. «Халық IPO» Қазақстанның қарапайым тұрғындарына ірі ұлттық компаниялардың бірге иемденушісі атануға таптырмас мүмкіндік сыйлайды. Бүгінгі таңға дейін KEGOC Қазақстанның 19 қалаларында азаматтарды ақпараттандыру мақсатында ақпараттық-түсіндірме шаралар, яғни роуд-шоуларды сәтті өткізді.

Астанада басталған күннен қазіргі таңға дейінгі өткен компанияның іс-шараларына, соның ішінде лекция, семинар және роуд-шоуларға 40 мыңға жуық қазақстандық қатысты. Акционер атанғысы келетіндер арасында жасына қатысты немесе әлеуметтік шектеулер жоқ. Ең алдымен, алғашқы эмитенттің акциясын сатып алып, қор нарығында сатылым жағынан тәжірибе жинақтағандар өтініш бере алады. Сонымен қатар, құнды қағазға иелік етуде жастар да ерекше құлшыныс танытуда. Сондай-ақ, өз қаражаттарын тиімді инвестициялағысы келетін зейнет жасындағы тұрғындар да жоғары белсенділік танытуда.

Аймақ тұрғындары үшін роуд-шоу – бұл акцияларды сатып алу механизмдерімен, оларға иелік етудегі тиімділігімен және қаражат салудың сенімділігімен ғана таныстыру емес. Сонымен қатар, құнды қағаздар нарығымен енді танысып жатқан ез азаматтары үшін бұл жинаған қаражаттарын тиімді жинауды үйрену әрі қаржылық сауаттылықтарын арттырда таптырмас мүмкіндік, осылайша олар Қазақстанның алдағы экономикалық өсуіне белсенді ат салысады.

Оралда өткен таныстырлымдық іс-шарада  «KEGOC» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және жетекші брокерлік компаниялардың өкілдері қала тұрғындарына KEGOC-тың табысты дамуы жайында – акцияларға иелік етуде инвестициялық табыстар, мүмкін болатын қаржылай тәуекелдер жайында әңгімелеп, барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Айта кетерлігі, бір акция құны – 505 теңге. KEGOC компанияның табысынан келіп түскен 40 пайыз инвесторлардың дивидендтеріне төлеуге жоспарлауда.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321