Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4588 0 пікір 26 Қараша, 2014 сағат 15:50

«ДАМУДЫҢ» ДАРАБОЗДАРЫ

Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры журналистер арасында ұйымдастырылған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы және «Қазақстандағы кәсіпкерлік БАҚ назарында» атты байқаудың жеңімпаздарын марапаттады

Байқауға еліміздің 24 қаласынан 109 тілші қатысқан. Қазылар алқасы барлығы 432 жұмыс ішінен үздіктерін анықтады. Телеарналар арасында қазақ тілінде жарияланған үздік сюжет ретінде «Алматы» телеарнасының тілшісі Үмбетәлі Меймештің жұмысы танылса, орыс тіліндегі телеарналар ішінде «Жастар Корпорациясы» атты теле жобасымен «Рика-ТВ» арнасының тілшісі Марина Васильева жүлделі орынды иеленді. «Ғаламтордағы үздік мақала» аталымы бойынша қазақ тіліндегі басылымдардың арасында«ҚазАқпарат» агентігінің Алматыдағы тілшісі Жаппарберген Айбота  бірінші орынға лайық деп танылды.

«Қазақ тіліндегі үздік радиосюжет» аталымы бойынша «Қазақстан-Тараз» радиосының тілшісі Мақұлбек Малдарбековтің жұмысы үздік деп танылса, орыс тіліндегі радиожурналистер арасында бірінші орын қостанайлық «Караван новостей» радиосының тілшісі Константин Должанскийге бұйырды.

«Мерзімді баспасөздегі» үздік жарияланым» аталымы бойынша «Ақтөбе» газетінің тілшісі Мейрамгүл Сатаева мен «Сапа Талдықорған» газетінің тілшісі Ксения Клеева жеңімпаз атанды.

Ал, «Кәсіпкерлікті қолдауды белсенді насихаттағаны үшін» арнайы сыйлығы «Закон.кз» тілшісі Торғын Нұрсейітова мен «Панорама» басылымының журналисі Николай Дрозд, «Қазақ радиосының» редакторы Рита Сәрсенге бұйырды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322