Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 7850 0 пікір 26 Қараша, 2014 сағат 09:19

Дәурен ҚУАТ. ҮНСІЗ АЛЫСТАУ

Жиегіне желбір түскен әйелдердің тізкиімі Кедендік Одаққа мүше елдерде сатылмайтын болып еді ғой. Мәскеу солай шешкен. Экологиялық тұрғыдан зиянды деген. Енді «Россельхознадзордың» бастығы Сергей Данкверт деген кісі Қазақстан мен Беларуссияға сырттан тасылатын тауарлар тек Ресейдің тексеруінен өтіп барып импортталуы керек деп отыр.

Алайда, Ұлттық экономикамыздың вице-министрі Мәдина Абылқасымова Еуроодақтың құрамындағы елдермен арамыздағы тауар айналымына Ресей кедергі жасай алмайды дегенді айтуда. Шамасы, КО мен Еуразиялық экономикалық одақ деп жүргеніміз осылайша бетті ашып, үнсіз алыстауға алып баратын жол сияқты. Алыстауға алып баратын жол, әрине, жиегін желбір басқан дамбалдың далбаса әңгімесінен емес, осындай күрделі мәселелерден басталуы әбден ықтимал...

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5313